XVI Халықаралық жаратылыстану ғылымдары турниріне тіркелу басталды С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебі студенттерді 2026–2027 оқу жылында өтетін XVI Халықаралық жаратылыстану ғылымдары турниріне қатысуға шақырады.

Халықаралық жаратылыстану ғылымдары турнирі – студенттер әртүрлі ғылыми пәндердің тоғысында практикалық міндеттерді шешіп, инновациялық шешімдер әзірлейтін және оларды сарапшылар алқасының алдында қорғайтын жыл сайынғы командалық зияткерлік сайыс.

Турнирдің 15 жылдық тарихында оған әртүрлі елдерден 5 000-нан астам студент қатысқан. Жыл сайын бұл сайыс Ресей мен ТМД елдерінен 200-ден астам қатысушыны біріктіреді.

Турнирге қатысу Фармация мектебінің студенттеріне химия, биология, фармация, биотехнология және сабақтас ғылым салаларындағы білімдерін тәжірибеде қолдануға, ғылыми-зерттеу құзыреттерін, командалық жұмыс және ғылыми дәлелдеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Қатысу шарттары

Турнирге қатысу үшін:

  1. Бакалавриат және/немесе магистратура деңгейінде білім алатын 4–5 студенттен тұратын пәнаралық команда құру.
  2. Турнирдің тапсырмаларымен және регламентімен танысу.
  3. Команданы scitourn.ru ресми сайтында тіркеу.
  4. 2026 жылғы 1 қарашаға дейін төрт тапсырманың шешімін презентация форматында дайындап, іріктеу кезеңіне жіберілу үшін сайтқа жүктеу.
  5. Іріктеу кезеңінің регламентіне сәйкес қалған тапсырмаларды орындауға дайындалу қажет.

Турнирдің өткізілу мерзімдері

2026 жылғы 1 қарашаға дейін – тапсырмалардың шешімдерін ұсыну.
2026 жылғы 13–15 қараша – онлайн форматтағы іріктеу кезеңі.
2027 жылғы сәуір – Санкт-Петербург қаласында өтетін суперфинал.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттар, серіктес компанияларда тағылымдамадан өту және перспективалы ғылыми жобаларды одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылған.

Фармация мектебі барлық қызығушылық танытқан студенттерді командалар құрып, халықаралық ғылыми сайысқа белсенді қатысуға шақырады.

Қосымша ақпарат

Қатысу шарттары, тапсырмалар, турнир регламенті және тіркелу тәртібі туралы толық ақпаратты келесі ресми ақпараттық ресурстардан алуға болады:
Ресми сайт: https://www.scitourn.ru/
ВКонтакте: https://vk.ru/scitourn_ru
Telegram: https://t.me/scitourn_ru