Оқу және өндірістік тәжірибелер

В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 2, 3 және 4 курс білім алушылары оқу жоспарына сәйкес оқу, өндірістік және дипломалды практикалардан өтеді.

Практикалардың негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық білімдерін бекіту, кәсіби дағдыларын дамыту және фармацевтикалық өндіріс саласында практикалық тәжірибе жинақтау. Әр курс деңгейінде практика мазмұны кезең-кезеңімен күрделене түсіп, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Практика барысында білім алушылар жетекші отандық фармацевтикалық кәсіпорындарда өндірістік үдерістермен танысады. Олардың қатарында: ЖШС «Абди Ибрахим Глобал Фарм», ЖШС «Viva Pharm», ЖШС «Clever Medical», ЖШС «Нур-Май», ЖШС «Фитолеум», ЖШС «Dolce-Pharm», ЖШС «Антиген» және ЖШС «Kelun-Kazpharm». Аталған кәсіпорындар заманауи GMP стандарттарына сай дәрілік заттар өндірісімен айналысады және білім алушылардың кәсіби тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.

2025-2026 оқу жылында:

– 2-курс білім алушыларына «Дәрілік препараттардың өндірісіне кіріспе» оқу практикасы бойынша 2025 жылғы 29 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін өткізіледі және 2 кредитті (60 сағат) қамтиды. Практикаға барлығы 127 білім алушы қатысады;

– 3-курс білім алушылары «Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік практикасы бойынша 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 22 қарашасына дейін, 3 кредит (90 сағат) көлемінде өтуде. Барлығы 202 білім алушы өндірістік практикадан өтуде;

– 4-курс білім алушыларына арналған «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы» пәні бойынша өндірістік практика 2025 жылғы 22 қыркүйектен 12 желтоқсанға дейін өткізіледі және 2 кредитті (60 сағат) қамтиды. 257 білім алушы өндірістік практикадан өтуде.

Өндірістік практиканы сәтті аяқтағаннан кейін «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы білім алушылары келесі кәсіби құзыреттерді меңгереді:

Фармацевтикалық кәсіпорынның құрылымы мен жұмыс принциптерін түсінуі

  • негізгі және қосалқы өндірістік цехтардың қызметі, олардың өзара байланысы мен өндірістегі рөлі туралы нақты түсінік қалыптастырады;
  • өндірістік бөлімшелердің функцияларын, технологиялық ағындарды және өндірістік процестердің ұйымдастырылуын бағалай алады.

Фармацевтикалық өндірістің негізгі процестері мен қолданылатын аппараттар туралы білімді меңгеруі

  • шикізатты дайындау, ұнтау, араластыру, гранулдеу, фильтрация, толтыру, қаптау сияқты негізгі технологиялық процестерді түсінеді;
  • өндірісте қолданылатын аппараттар мен жабдықтардың (реакторлар, үрлейтін машиналар, миксерлер, таблеткалау машиналары, капсулалау аппараттары, автоклавтар, фильтрлеу жүйелері және т.б.) жұмыс принциптерін біледі;
  • жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуы және техникалық талаптары жөнінде базалық дағдыларды меңгереді.

Дәрілік заттарды өндірудің технологиялық нұсқауларын (ТН, СОР) қолдана білуі

  • технологиялық регламенттер, стандартты операциялық рәсімдер (СОР), өндірістік нұсқаулар және сапа құжаттарымен жұмыс істей алады;
  • технологиялық кезеңдерді құжаттарға сәйкес орындаудың маңыздылығын түсінеді;
  • құжаттаманың дәлдігі мен GMP талаптарын сақтаудың өндірістік процестегі рөлін меңгереді.

GMP талаптарына сай өндірістік процестерді түсіну және орындау дағдылары

  • санитарлық-гигиеналық талаптарды, персоналдың жүріс-тұрыс ережелерін және өндірістік бақылаудың негізгі принциптерін меңгереді;
  • өндірістегі тиімділік, қауіпсіздік және сапа мәдениетін қалыптастырады.