Ұйымдастырушылар: Халықаралық ASHLAND (ASI) АҚШ компаниясы және «MICROHIM» компаниясы
Семинарға қатысушылар: ҚР фармацевтикалық өнімдерді өндірушілер,
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы,
фармация факультетінің студенттері
Жаңа заманауи көмекші заттар негізінде дәрілік заттарды дайындауда ұсынылған материалдар тереңдетілген ғылыми — зерттеу нәтижесі болғандықтан, семинардың тақырыбы өзекті болып табылады. Сондай-ақ семинардың нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген компания мен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бірлесіп ғылыми — зерттеу саласында әлемдік өндірушілердің жаңа заманауи көмекші заттары негізінде дәрілік заттар дайындауда жұмыс жасау келісілді.
Біз «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алушы студенттер университет басшыларына, ректор, профессор А.А. Ақанов мырзаға, фармацевтика факультетінің деканы, профессор У.М. Датхаевқа, «Фармацевт-технолог» модулінің жетекшісі, доцент З.Б. Сакиповаға және барлық оқытушыларға осындай қызықты іс-шараларға барлық уақытта қатысуға мүмкіндік бергендері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Семинарға қатысқан студенттердің барлығына сертификат табыс етілді.
Университет ректоры атынан Халықаралық ASHLAND (ASI) АҚШ компаниясының президенті Peter Kosiorek мырзаға, ASHLAND (ASI) АҚШ компаниясының аймақтық директоры Ольга Демиденкоға, «MICROHIM» компаниясының директоры Татьяна Пономареваға, дәріскер, компанияның технологы Сергей Трофимовқа алғыс хат тапсырылды.