Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина, осы кафедраның доценті Т.Қ.Зайсанбаев пен аға оқытушысы Қ.С.Бураханованың ұйымдастыруымен, сондай-ақ фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультеті, Студенттер жұмыстары бойынша басқарманың және кітапхана ұжымының қатысуымен 02.12.2016 жылы «Арыстардан қалған әуендер» атты әдеби-сазды кеш өтті
Әдеби-сазды кештің мақсаты – өткен өткен ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының саяси, мәдени және рухани тұрғыдан дамуына зор үлес қосқан А.Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Қапез Байғабылұлы және Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы және қоғамдық қызметтері туралы студенттерге мағлұмат беру. Олар өнерге жақын болған және арттарына музыка саласында да үлкен мұралар қалдырған. Қазақ халқына өлщеусіз еңбек сіңірген алаш арыстарының музыкалық мұрасымен жас ұрпақтарды таныстыру, осы мұраларды насихаттау бірінші кезекке қойылды. Халқына қалтқысыз қызмететудің үлгісі болған алаш арыстарының өмірлері мен шығармашылық қызметтерін студенттерге таныстыра отырып, студенттердің бойына Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді дарытуды кешті ұйымдастырушылар алдарына міндет етіп қойды.
Кеште жалпы медицина факультеті, 1-курс студенттеріі Махмұтов Әлішер, Қайшыбай Ақеркем, Қуаныш Ақтоты, Жайыққызы Тоғжан А.Байтұрсынұылының, С.Сейфуллиннің, Қ.Байғабылұлының, М.Жұмабаевтың өмірлеріі мен шығармашылықтары және қоғамдық қызметтері туралы баяндама жасады. Кешке қатысқан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 1-курс студенттері Омарханұлы Жігер мен Әніпияұлы Тілеубай А:Байтұрсынұылының «Аққұм», «Қарғаш», С.Сейфуллиннің «Тау ішінде», Қ.Байғабылұлының «Қоштасу» сияқты әндерін нақышына келтіріп шырқады. Қазақ тілі кафедрасының доценті Т.Қ.Зайсанбаев С.Сейфуллиннің «Біздің жақта» атты әнін орындады.
Әдеби-сазды кешті қорытындылаған қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент Абдуллина Зәуреш Абдрақметқызы кештің тәрбиелік мәнінің зор екенін, халқы үшін құрбан болған алаш арыстарын барлық қырынан тану бүгінгі ұрпақ үшін парыз екенін айта келе, кештің әсерлі өтуіне ат салысқан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 1-курс студенттері Омарханұлы Жігер мен Әніпияұлы Тілеубайға және оларды бастап келген белгілі күйші, ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның аға оқытушысы Мұрат Әбуғазыға алғыс білдірді.
Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Қ.С.Бурахнова