БІЗ ФАРМАЦЕВТ ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІНЕ ҚАРСЫМЫЗ!

18 наурыз 2017 жыл С.Ж. Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ-ң фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінде, 105 конф.зал, 1500-де «БІЗ ФАРМАЦЕВТ ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІНЕ ҚАРСЫМЫЗ!»-атты тәрбиелік іс-шара өтілді.

Ұйымдастырушы: ҚазҰМУ-ң Этикалық Кеңес төрайымы Мұстафина Ж.Ғ.

Модератор: Фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.

Бағдарламаға сәйкес фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К. жастарды жемқорлыққа қарсы үгіт насихаттау, жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікке тәрбиелеу, жемқорлықты тоқтатуға ат-салысу, жастарға жемқорлық бойынша құқықтық сауаттылығын ашу мақсатында және оның қоғамға алып келетін зиянды жақтары туралы «Жемқорлыққа жол жоқ!»-атты баяндама жасап, жемқорлық туралы видеофильм көрсетті.

Сонымен қатар, студенттердің жемқорлыққа байланысты өзекті сұрақтары талқыға салынып, пікір талас болды. Этикалық Кеңестің төрайымы Мұстафина Ж.Ғ. пікір-таласта жастарға үнемі дұрыс бағдар сілтеме жасап, студенттерге қазіргі қоғамда жемқорлыққа қарсы саяси бағдарламаны қалай жүзеге асыру туралы көптеген мағлұматтар бере отырып, өзінің қорытынды сөзімен аяқтады. Іс-шараға фармацевтика мамандықтарының белсенді студенттері жұмылдырылды.