Электив пәндері жәрмеңкесі

2023 жылы 4 ақпанда Фармация мектебінде 6В072- «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған «Электив пәндері жәрмеңкесі» өткізілді. Аталған жәрмеңкеде білім алушыларға «Білім, ғылым және тәжірибе интеграциясы шеңберінде жұмыс берушілермен білім беру бағдарламалары мен электив пәндер каталогы үйлестіру» атты дөңгелек үстелде талқыланып, университеттің Академиялық кеңесінде бекітілген даярлау бағыттары бойынша таңдау жасау ұсынылды. Мамандық бағдарламасы бойынша кадрларды даярлаудың келесідей траекторияларына:

  1. Фармацевтикалық және парафармацевтикалық өнім технологы
  2. Фармацевтикалық өндіріс менеджері
  3. Биотехнолог
  4. Инженер-технолог
  5. Химик-технолог сипатамалар беріліп, электив пәндер пакеті таныстырлыды.

 

«Инженерлік пәндер және тиісті практикалар» кафедрасының эдвайзерлері: профессор Ибрагимова Л.Н., доценттер Қадырбаева Г.М., Момбеков С.Е. инженер- технолог траекториясы бойынша білім алушыларға маманның болшақ қызметі, оқытылатын электив пәндер аннотациясы және кафедрадағы профессорлық-оқытушылар құрамының барлық бағыттар бойынша жетістіктерінен толық ақпарат берді. Кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жқмыстарындағы жетістіктері аталып өтті.