Жыл сайын, Германия Академиялық алмасу қызметі, Гете институты «Study Inn» білім беру орталығы және шет тілдер кафедрасы біріге отырып, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу дәстүрге айналды
Бұл жылы кезекті семинар «Германия және Ұлыбританияның ЖОО-ғы шет тілдерін оқытудың жаңа әдістерін енгізу тәжірибесі» 2013 жылдың 25 сәуірінде өткізілді. Бұл іс-шара интерактивтік оқыту әдістерін енгізу саласындағы оқу-әдістемелік ақпараттармен алмасу және оқытушылар мен студенттердің оқыту үрдісін толықтай игеру мақсатында өтті.
Алматыдағы Гете институтының директор орынбасары Сюзан Беккер шет тілдерін үйрену барысында интернет-ресурстарды пайдалану туралы қызықты әрі мазмұнды баяндама жасады.
ДААД ақпараттық орталығының директоры М. Яуманн Германия Академиялық алмасу қызметінің жұмысы жайында және ДААД білім беру, медицина, мәдениет және өнер саласында, азаматтық бастамаларды ұйымдастырып, Қазақстан мен Германияға білім алу стипендияларын, магистратуралық бағдарламалар, жазғы тілдік курстар, семестрлық және ғылыми стипендияларады ұйымдастыратыны жөнінде хабарлады.
«Study Inn» білім беру орталығының менеджері Орынбаева З.Т. «Ағылшын тілін игеруде денгейді жоғарылату үшін Кембридждік тестердің маңызы» тақырыбында баяндама жасады.
Кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я. дөңгелік үстелді қорытындылау барысында, еңбек нарығы және халықаралық білім беру кеңістігінде жоғары мамандандырылған, бәсекеге сәйкес мамандарды дайындауда, тілдік құзіреттілікті дамытуға әсер ететін осындай іс-шараның өткізілуі қажет екенін айқындап айтып өтті.
Дөңгелек үстел ресми емес түрде, бірақ студенттер мен оқытушылар арасында білімдік серіктестік пен тығыз қарым-қатынас айқын көрінді.
Оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы Садыкова А.А.