Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» (№70 (2905) 12 сәуір 2017 ж) газетінде шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – қоғамға үлкен қозғау салған мақала болғаны баршамызға аян. Бұл мақаланы қолдау, мақалада айтылған ойды талқылау, оларды студенттерге түсіндіру – университет оқытушыларының парызы деп білген жөн. Елбасымыздың мақаласында айтылған ойды студенттермен қызу талқылаған қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының оқытушылары өздері сабақ беретін топтар арасында мақала бойынша эссе жазудан жарыс өткізді.
Мақаланы терең түсініп, өз ойларын айшықты түрде жеткізе білген студенттер қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина қол қойған грамотамен мараптталды. Жалпы медицицна факультетінің 16-036-1 топ студенті Қуаныш Ақбота жазған эссесі ең үздік деп танылып I орынғы ие болса, II орынға жалпы медицина факультетінің 032-2 топ студенттері Байбосынова Асет,осы факультеттің 16-31-1 топ студенті Тәліпбай Тамила, ал III орынға ЖМ-16-035 топ студенті Шихиева Айнұржәне ЖМ 16-031-2 Құрманов Медет студенттері ие болды. Жеңімпаздарды қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасы оқу ісінің меңгерушісі, доцент Т.Қ.Зайсанбаев марапаттады. Мақала бойынша эссе жазуды ұйымдастыруға ат салысқандар қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасы : доцент Т.Қ.Зайсанбаев, Г.К.Дәркенбаева, А.Р.Абдықадырова, ф.ғ.к. Ф.Б.Қожахметова.
Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасындағы тәрбие жұмысы бойынша жауапты аға оқытушы Абдықадырова А. Р.