Мемлекет саясатының негізгі ұстанымдарының бірі жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.Жалпы медицина факультетіне қарасты орыс тілі кафедрасының оқытушы-тьюторлары: Балтабаева Э.О., Турысбекова Г.Ж., Чумбалова Г.М., Ботатаева У.А 04.03.2014ж «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты қабырға газеттерінің сайысын өткізді. Бұл өткізілген іс –шараның мақсаты жемқорлықты тұдыратын көріністердің себеп-салдарын (барынша төмендетіп) алдын алу. Сайыста ЖМ, Стоматология, МПІ, Фармация, МІ факультеттерінің студенттері белсене қатысты. Бірінші орынды ЖМ факультетінің 20-2, 23-1топтары , екінші орынды ЖМ 2-2, 18-2 топтары, үшінші орынды ЖМ 25-2 және стоматология факультетінің 2-1 топ студенттері алды.