С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Фармация мектебі студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және жас оқытушыларды Журнал клубының келесі тақырыптағы отырысына қатысуға шақырады:
«Нәтижелерді статистикалық өңдеу әдістері»
📅 Күні: 2025 жылғы 28 қараша
🕓 Уақыты: 16:00
🏫 Өтетін орны: №2 оқу ғимараты, 103-дәрісхана
Отырыс барысында статистикалық талдау әдістерін таңдаудың негізгі тәсілдері, статистикалық гипотезаларды тексеру, p-мәндерімен және сенімділік аралықтарымен жұмыс істеу, сондай-ақ ғылыми жарияланымдарда сандық деректерді дұрыс ұсыну және түсіндіру мәселелері қарастырылады.
🔹 Қатысу деректерді статистикалық талдауға, эксперименттерді жоспарлауға және ғылыми мақалаларды дайындауға қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін ашық.