«Конституция – кемел келешектің кепілі» — құқықтық іс-шара

27 тамыз 2018 жылы «Конституция – кемел келешектің кепілі» — құқықтық іс-шара фармация мектебі 105 конференц. залда 1430-да өтілді.

Ұйымдастырушы:

Жастар саясаты басқармасы, Этикалық Кеңес, Фармация мектебі

Модератор:

химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.

Қатысушылар:

доцент Ахелова А.Л., доцент Саякова Г.М., Келимханова С.Е., фармация мектебінің 2-курс студенттері

Бағдарламаға сәйкес төмендегі іс-шаралар атқаралды:

  • Жастарға құқықтарын түсіндіру, жастарды жемқорлыққа қарсы үгіт насихаттау, жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікке тәрбиелеу, жемқорлықты тоқтатуға ат-салысу және оның қоғамға алып келетін зиянды жақтары туралы «Жемқорлыққа жол жоқ» және құқықтық «Студенттердің конституциялық құқықтары», «Фармациядағы заңдар» — баяндамалары мен «Жемқорлық» туралы видеофильм көрсетілімі.
  • Сонымен қатар, студенттердің жемқорлыққа, құқықтарына байланысты өзекті сұрақтары талқыға салынып, пікір талас болды. Пікір-таласта жастарға үнемі дұрыс бағдар сілтеме жасап, студенттерге қазіргі қоғамда жемқорлыққа қарсы саяси бағдарламаны қалай жүзеге асыру туралы көптеген мағлұматтар бере отырып, доцент Шекеева К.К., фармация мектебінің деканы профессор Сакипова З.Б. және Жастар саясаты басқармасы өкілі Жармағанбет Р.У., Этикалық Кеңестің төрайымының қорытынды сөздерімен аяқталды.

Іс-шараға фармация мектебінің белсенді студенттері жұмылдырылды