2026 жылғы 15 қазанда ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының лекторы Ан Владимир Сергеевич «Urker Mitec» зияткерлік орталығының білім беру порталында ұйымдастырылған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысып, I жүлделі орынға ие болды.
Олимпиада педагогтердің шығармашылық және танымдық әлеуетін анықтауға және дамытуға, кәсіби белсенділігін арттыруға, сондай-ақ кәсіби тұрғыдан жетілуге деген ұмтылысын ынталандыруға бағытталған. Осындай зияткерлік іс-шараларды өткізу педагогикалық шеберлікті дамытуға, кәсіби құзыреттіліктерді кеңейтуге және білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Республикалық педагогикалық олимпиадаларға қатысу оқытушылардың кәсіби дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл олардың білімін, педагогикалық қабілеттерін және өзекті білім беру міндеттерін шешуге дайындығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының ұжымы Ан Владимир Сергеевичті лайықты жеңісімен құттықтап, кәсіби қызметіне табыс, ғылыми-педагогикалық қызметінде жаңа жетістіктер және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруда толағай табыстар тілейді!

