2025 жылғы 5 және 7 қараша күндері 7-оқу корпусында, 8-аудиторияда 6В10104 – «Фармация» білім беру бағдарламасы студенттері үшін дәрістер өткізілді.
Дәрістер келесі тақырыптарда ұйымдастырылды:
- «Основные принципы организации фармацевтической помощи населению. Фармацевтическая отрасль Республики Казахстан»
- «Организационная структура органов управления медицинской и фармацевтической деятельностью. Нормативно-законодательные акты, формирующие национальную лекарственную политику Республики Казахстан»
Дәрістерді PhD, қауымдастырылған профессор Тлеубаева Меруерт Ильясовна және PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Аширов Мурат Зулпидинович жүргізді.
Лекция барысында дәріс берушілер халыққа фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану қағидалары және Қазақстандағы фармацевтикалық саланың даму бағыттары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар кәсіби этика талаптары, фармацевтикалық қызмет көрсету стандарттары және дәріхана ұйымдары мен медициналық мекемелердің өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланды.
Іс-шара студенттердің кәсіби білімін кеңейтіп, фармацевтикалық қызметтің нақты тәжірибесімен танысуына мүмкіндік берді.
Осындай дәрістер болашақ мамандардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға және фармацевтикалық саладағы құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

