С.Ж. Асфендяиров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің фармация Институтының іргесінде 2016 ж. 14-15 сәуірде 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және 5В051103 – «Фармация» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жоғарғы, дипломнан кейінгі білім беру және халыықаралық серіктестік Департаментінің 20.02.2016 ж. №03-2/266 «О проведении Республиканской студенческой предметной олимпиады» хаты негізінде 2016 жылдың 14-15 сәуірінде С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медициналық университетінің фармация Институты базасында 5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы профессор Тулебаев Қ.А. 28.03.2016 ж. №251 бұйрығына сәйкес 5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізуге комиссия құрамы бекітілді. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармация Институтының директорының шешімімен 27.01.2014 олимпиада өткізудің Ережесі мен Бағдарламасы жасалған.
Конкурстық комиссия мүшелері:
Комиссия төрағасы:
- Датхаев У.М. –фарм.ғ.д., профессор, С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ фармация Институтының директоры;
- Устенова Г.О. – фарм.ғ.д., доцент, ҚазҰМУ 5В051103 –Фармация мамандығы бойынша ОД директоры;
Төраға орынбасары:
- Сакипова З.Б. – фарм.ғ.д., доцент, 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «Фармацевт-технолог» модулінің жетекшісі;
- Шопабаева А.Р. – доцент, фарм.ғ.к., 5В051103 – Фармация мамандығы бойынша «Фармацевт-менеджер» модулінің жетекшісі
Олимпиадаға қатысуға Қазақстан Республикасының ЖОО-нан 20 адамнан тұратын 4 команда (4 жетекші) өтініш берген:
- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Алматы қ. (2 команда);
- Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Шымкент қ. (1 команда);
- Е.А. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті (1 команда).
Олимпиада республикалық студенттік олимпиада аясында ерекше кәсіби қабілетті болашақ мамандарды дамыту және талантты студенттік жастарды қолдау үшін, халықаралық олимпиадаларға қатысуға командалар қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері:
- Студенттердің ғылыми-танымдық және оқу-зерттеу қабілеттерін ынталандыру;
- Студенттердің кәсіби-жеке потенциалын ашу, өзін-өзі тану, шығармашылық қабілетін, өзіндік шарттарды жүзеге асыру;
- Студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу;
- Ерекше қабілетті және талантты студенттерді таңдау мен қолдау;
- Білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасты қалыптастыру;
- Бұл мамандық бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асыратын ЖОО алдыңғы тәжірибелерімен алмасу.
Олимпиаданы өткізу тілі – орысша, қазақша.
Олимпиада бағдарламасы 2 этаптан тұрады:
- 1 этап: тестілік тапсырмаларды орындау;
- 2 этап: ғылыми жобаларды қорғау (үй тапсырмасын презентациялау).
- 2-этап: фармация мамандығы үшін жағдайлық есептерді шешу.
Бағалау критерилері: қатысушы жинаған балл саны.
Олимпиада жұмысы 14 сәуірде 9.00-де қатысушыларды тіркеуден басталды. Тіркеу кезінде қатысушыларға олимпиада бағдарламасы, блокнот, қаламсап берілді. Әрбір қатысушыға олимпиада логотипі бар, аты жазылған бейдж берілді. Жалпы олимпиадаға ҚР 5 ЖОО-нан 43 қатысушы қатысты.
Сағат 10.00 олимпиаданың ашылуы болды. Олимпиаданы С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ фармация Институтының директоры фарм.ғ.д., профессор Датхаев У.М. ашты.
Олимпиада қатысушыларына С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ бірінші проректоры, ректордың міндетін атқарушы, м.ғ.д., профессор Хамзина Н.К. құттықтау сөз сөйледі.
Ары қарай олимпиада қатысушыларына сөз берілді, өз командаларының девиздері мен атауларын таныстырды.
Салтанатты ашылудан соң олимпиада қатысушылары екі этаптың тапсырмаларын орындауға кірісті.
Олимпиаданың жабылуы мен қорытындысын жариялау 15 сәуірде сағат 10.00-де болды. Жүлдегерлерді марапаттап, олимпиада қонақтарына сөз берілді. Олимпиада жабылуында Алматы қаласындағы әртүрлі фармацевтикалық өндірістердің (Vivaфарм ЖШС, ФитОлеум ЖШС, «Жанға Шипа» ЖШС және «Ген Илач» ЖШС) басшылары қатысты. Фармацевтикалық өнеркәсіптердің жетекшілері олимпиада жеңімпаздарына естелік сыйлыықтары мен сертификаттар сыйлады.
Олимпиаданың қадірлі қонақ ретінде шақырылған фармацевтикалық кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясының президенті Дурманова Марина Ивановна ханым олимпиада қатысушыларының ішіндегі ерекше қабілетті студенттерді атап өтті, оларға Ассоциация атынан сертификаттар табыстады.
1-ші және 2-этап тапсырмаларын орындау нәтижесінде олимпиада қатысушылары жинаған балл қосындысы бойынша 1, 2, 3 орын алған, сондай-ақ командалық орындар алған жеңімпаздар анықталды.
Осылайша, олимпиада қорытындысы бойынша «ТФП» мамандығы бойынша командалық біріншілікті Шымкент қ. Оңтүстік-қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының студенттері алды, тестілік тапсырмалар мен жағдайлық есепті шешу бойынша 1 орынды Аманкелдина Айнур (С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық Медициналық университеті Алматы) иеленді. Жеңімпаз-технологтарды «VivaPharm» ЖШС компаниясы тамағы мен жатын орны қамтамасыз етілген тәжірибе алмасуға шақырды. Қазылар алқасы Швыркова Аннаның (Карагандинский Е.А. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті) Полимермен байланысқан рифампициннің эмульсионды әдісіне байланысты жұмысын және Қилыбаев Ерланның (Оңтүстік-қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия, Шымкент) инъекцияға арналған димердол бойынша жұмысын ерекше атап көрсетті.
«Фармация» мамандығы бойынша жүлделі орынды команда бойынша С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық Медициналық университеті, Алматы қ. Студенттер командасы, ал жекелеген конкурс бойынша Гүлім Маукебай жеңіп алды.
Ары қарай С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ музейіне экскурсия, фотосессия және Алматы қаласы бойынша (Медеу мұз айдыны, Көк-төбе паркі және т.б.) қыдырту ұйымдастырылды.