С.Ж. АСФЕНДИЯРОВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛЫП ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАНУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҚАЗҰМУ-НІҢ ҮШТІЛДІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ «ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бірқатар нәтижелер беруде. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруда факультетіміз бірқатар нәтижелерге қол жеткізді.

ҚазҰМУ-де білім беру жүйесін толық дамытып жетілдіру мәселелерінде, студенттермен бірігіп іс-шаралар ұйымдастыруда, студенттердің атсалысуы жайында, «Фармацевт-токсиколог» модулінің оқытушы профессор құрамы С.Ж. Асфендияровтың 125 жылдығына арнап, факультетіміздің студенттерімен бірге «АДАМ ӨМІР СҮРУІНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРЫ» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы қазан айының 25-ші жұлдызында өткізілді.

Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігімен, студенттердің білім алу барысында, қоғамдық-саяси өміріне үштілдік бағдарламаның енгізілуімен, шет ел тілдерін меңгеру қарқынының артуымен байланысты. Тілдерді қолдау мен дамытудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыра отырып, студенттердің ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырудағы мақсатымыз – факультетімізде оқитын барлық ұлттардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат қалыптастыру.

Ұйымдастырылған конференция барысында «Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі, доценттің м.а. А.С. Қожамжароваға алғашқы сөз кезегі берілді, профессор Т.Б.Байзолдановпен оқытушы Х.М.Илахунов адам өмір сүруіне қоршаған ортаның кері әсер етуші факторлары жайлы сөз қозғады. Ұйымдастырылған конференцияға факультет оқытушыларымен бірге «Жалпы медицина» факультетінің студенттері қатысты.

Адам өмір сүруіне қоршаған ортаның кері әсер етуші түрлі факторларымен танысу және талқылау нәтижесінде факультетіміздің 4-ші курс студенттері А.Нурпеисов, Ж.Кимелова, А.Рахметжан, К.Тучкова, А.Капызов, А.Сиқымбаева, Ж.Токушева, А.Касымова, Р.Масимханов, А.Мохаммад, З.Олатаева ҚазҰМУ-нің үштілдік оқыту бағдарламасы стратегиясының аясында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде презентация, түрлі плакаттар, таратылатын материалдар және видео роликтер дайындалып студенттермен бірге тыңдалып, талқыланды.

Брюшной тиф и черная чума — трагедия мира

Вич инфекциясы,тарихы және таралуы.

Аурудың алдын алу және емдеу мүмкіндігі

Геморрагическая лихорадка Эбола

Зоонозды инфекциялар

Шошқа және құс тұмауы

ANTHRAX

Influenza

Клещевой энцефалит, виды, распространения, этиология и эпидемиология, клинические показания