С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебі пандемия аясында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қағидаттарын сақтай отырып, түлектерге шеберлік сабақтарын табысты өткізуде. Болашақ фармацевттердің бай портфолиосы олардың еңбек өміріне жолдаманы анықтайды.
Жоғары білім беру негізінде қысқартып оқыту формасында «Фармация» мамандығы бойынша 3-курс білім алушылары «5-нитрофуран туындылары және олардың ішінде сандық-сапалық спектрофотомериялық әдісімен толқын ұзындығын анықтау: нитрофурал (фурацилин), фуразолидон, нитрофурантоин (фурадонин), фуразолидон (фурагин) препораттарының сандық сапалық көрсеткіштерін анықтау» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Дәріс оқушы химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ахелова А.Л.
«Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника» кафедрасы «Фармация» мамандығының жоғары білім беру базасында қысқартылған түрдегі білім алушылармен «Фармацевтикалық талдаудағы ультра күлгін спектрофотометрия» тақырыбында мастер-класс өткізді. Соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Дәріс жүргізуші кафедра меңгерушісі, PhD Берилло Дмитрий Александрович.