ҚазҰМУ тарих мұражайына саяхат

Фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті Шуленова Гаухар Қайратбеккызы 17.10.2023 жылы ТФП21-060, 22-031 тәлімгерлік топтарымен ҚазҰМУ тарихы мұражайына саяхат жасады.
ҚазҰМУ тарих мұражайы 2001 жылы ашылды, 2008-2009 оқу жылында 280 шаршы метр аумақта көрме залдарына толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа 54 витрина, 3 подиум және 2 турникет заманауи дизайнға сай жасалған, қызықты материалдармен безендірілген. Онда ежелгі және ортағасырлық медицинаның негізгі кезеңдері, ұлы қыпшақ Әл-Фарабидің медициналық мұрасы, қазақ халық емшілігі, 19 ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттік медицинаның дамуы, ҚазҰМУ тарихы көрсетілген.