08.02.2023 14.00-15.00 аралығында Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының лекторы Омаркулова Н.С. «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік практика шеңберінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 4 курс студенттеріне мастер-класс өткізді. Тақырып: «Фармацевтикалық өнеркәсіпті жобалау мен жабдықтау». Омаркулова Н.С. материалында химия өндірісінің кәсіпорындарын жобалау негіздері мен оның құралдарына қатысты жүйелі түрде жүргізілетін кешенді жұмыстардың реттілігі мен орындалу ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді.