20.04.2022жылы сағат 14:00 С.Ж.Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің№2 оқу корпусында Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының лекторы, PhD Тлеубаева Меруерт Ильясовнаның дәрісі өтті.

Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қысқаша шолу
Дәріс барысында келесі міндеттер қарастырылды:
• Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың отандық өндірісі
• Қазақстан Республикасының дәрілік заттар және медициналық бұйымдар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілері
• Фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
• ДЗ сапасын бақылау. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі – дәрілік заттардың өмірлік циклі стандарттарының бірыңғай жүйесі
• GPP стандартының негізгі қағидаттары
• Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау