9 желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Фармацевтикалық технология кафедрасының лекторы Амирханова А.Ш.
ФӨТ 21-043 к тобына «9 желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» тақырыбында кураторлық сабақ өткізілді.
2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады. Конвенцияның мақсаты — жемқорлықтың алдын алу және жою.
Қазіргі уақытта Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуығы ратификацияланды. Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылдың мамыр айында ратификациялады.
Сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі тиіс, ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекет біріккенде ғана сыбайлас жемқорлықтың көріністері азаяды.
Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, осы нөмірге хабарласыңыз 1424 қоңырау шалу тегін. Ескертіліп айтылды.
Студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түсініктіме ақпараттар айтылып, топтағы студенттердің ойлары ортаға салынды.