2025 жылдың сәуір айында Республикалық «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ғылым мен практиканың өзекті мәселелері» атты қашықтықтан өткізілген II Республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысында 6В10104 – «Фармация» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері:
-Әділбекова Әселдің “Полипрагмазия және өзін-өзі емдеу: қоғамдық денсаулыққа қауіп”;
-Әбдіәкім Ақсәуленің ” Дәрілік заттарды тиімді қолдану”
тақырыбындағы ғылыми жұмыстары жүлделі 2 ОРЫН иеленді.
Ғылыми жетекші: «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы, Фармация мектебі, PhD,қауымдастырылған профессор Тлеубаева Меруерт Ильясовна