Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларына арналған өндірістік және дипломалды практика шеңберінде Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы дәрістер жүргізеді. Аталған дәрістер білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастырумен қатар, олардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіруге және пәндік қызығушылығын арттыруға бағытталған.