18.02.2019 күні сағат 9:00 де ортопедиялық стоматология кафедрасында «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасының мұғалімі Қ.Б. Жарымбетовтың жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 17 – 002 – 01 К топ студенттерімен «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыбы: «Стоматологияға арналған саймандар мен құралдар. Оттегімен тыныс алдыруға арналған және наркоздық емдік аппаратура». Сабақтың мақсаты: студенттерді тауартану курсынан алған білімдері негізінде стомотологиялық аспаптар мен жабдықтармен, оттегімен демалдыру және емдік наркоз беру аппараттары таныстыру және сапасн бағалау, кәсіби білімі мен дағдыларын бекіту, сынау әдістерін, зерттелетін бұйымдардың сақталуы мен тасымалдануын үйрету.
Сабақтың міндеті: стомотологиялық аспаптар мен жабдықтар, оттегімен демалдыру және емдік наркоз беру аппараттарын оқу.