Наурызнама аясында фармацевтикалық технология кафедрасы 13 наурыз күні 15 наурызда аталып өтетін Қайырымдылық күніне орай «Жанұя» балалар үйіне барды.
Сондай-ақ, балалар үйінің жас тәрбиеленушісіне 15 наурызда өтетін «Біз өмірдің гүліміз» республикалық ән және би байқауына қатысуы үшін демеушілік көмек көрсетілді. Балалар көрсетілген көңіл мен қамқорлыққа риза болып, қонақтарды қуана қарсы алды және өз әсерлерімен бөлісті.