ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМЫ РЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Академиялық ұтқырлық білім сапасына қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі ретінде «Қазақстандық білім беру жүйесінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру» негізгі мақсатын әзірлейді. Әлемдік қауымдастықта болып жатқан заманауи интеграциялық үдерістер Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру жүйесіне де әсерін тигізуде.

Қазіргі уақытта біртұтас жаһандық білім беру кеңістігі қалыптасуда, ол ең алдымен бүкіл әлем университеттерінде білім беру тәсілдерін, стандарттарын, оқу бағдарламаларын үйлестіруден көрінеді. Ұтқырлықты дамыту университеттер мен елдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, біртұтас еңбек нарығын қалыптастыруға әкелетін артықшылықтарды түсіне отырып, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметі академиялық ұтқырлықты Болон процесінің негізгі міндеті мен құралы ретінде қарастырады.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті мен Ташкент Фармацевтикалық Институты арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргізілуде.

2025 жылдың 3 сәуірі мен 5 сәуірі аралығындағы «Фармация» БББ бойынша Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің Фармация мектебінің фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына, Фармацевтика ғылымдары бойынша PhD токсикологиялық химия кафедрасының доценті Нурматова Малохат Исматовна және “Фармация” мамандығы бойынша 5-курс студенттері келді. Ташкент Фармацевтикалық Институтының профессорлық-оқытушылық құрамы «Токсикологиялық химия» оқу пәні бойынша келесі тақырыптар бойынша семинарлар бағдарламасын ұсынды:

– «Галлюциногендердің сот-химиялық зерттеулері»;

– «Тестостерон препараттарының сот-химиялық зерттеулері»;

– «Кейбір дәрілік өсімдіктердің гипогликемиялық әсері туралы»;

– «Пиридин және пиперидин алкалоидтары, токсикологиялық маңызы, талдау әдістері. Никотин, анабазин, пахикарпин»;

– «Уытты заттардың фармакодинамика және фармакокинетикасы»;

– «Алкалоидтар: атропин скополомин, хинин, папаверин. Токсикологиялық маңызы және талдау әдістері».

Кәсіби қызметінде жоғары оқу орындарының оқытушылары үш негізгі функцияны орындайды: 1) білім өндіру (жаңа оқу пәндерін игеру, ғылыми зерттеулер); 2) білімді трансферттеу (білім беру процесі нысандарының, әдістерінің, құралдары мен технологияларының барлық алуан түрлілігінде); 3) білімді тарату (оқу, ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттерді басып шығару, тәрбиелік іс-шаралар және т.б.). Оның кәсіби қызметінің бағыттарына: оқу (педагогикалық), әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қоғамдық қызметтер жатады. Осының негізінде оған кәсіби міндеттерін орындауда қажетті жалпыланған «мұғалім құзыреттерінің портреті» қалыптасады.

Іске асырылып жатқан Бағдарлама тұрғысынан академиялық ұтқырлықты Қазақстан мен Өзбекстандағы жоғары кәсіптік білім берудің оқу үдерісі мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту құралы ретінде қарастыруға болады. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен Ташкент Фармацевтикалық Институты арасында кәсіби құзыреттіліктерін дамыту тұрғысынан оның мүмкіндіктері кеңейіп келеді.