Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2024 жылдың 13 мамыры мен 2024 жылдың 18 мамыры аралығында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ «Фармация» мамандығының 4 курс студенттері «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника» кафедрасында өндірістік тәжірибеден өтті

 

Жол картасына сәйкес практикадан өту кезінде кафедра профессоры Г.М. Саякова мен кафедра ассистенті А.Е. Хамитованың жетекшілігімен студенттер бірінші күні практиканың мақсатымен, міндеттерімен және кестесімен, күнделік жүргізу тәртібімен, қауіпсіздік техникасымен танысты.

Тәжірибе базасы – Ботаника және фитоинтродукция институты. Тәжірибе негізінде студенттер дәрілік өсімдіктердің әртүрлі түрлерімен және интродукцияланған өсімдік түрлерімен, дәрілік өсімдіктерді жинау және кептіру ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, «Келун-Қазфарм» ЖШС, тарих мұражайы мен университеттің анатомиялық мұражайында, Б. Атчабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтында Химия және фармакогнозия ғылыми-практикалық бақылау-талдау зертханасымен танысты.

Өндірістік практиканың ұзақтығы-2 кредит, жалпы сағат көлемі – 60.

Тәжірибие мақсаты – фармакогнозия пәнінен алған білімдерін шыңдай отырып: дәрілік өсімдік шикізатын (ДӨШ) дайындау, оны сақтау және өңдеу мәселелері жөнінде білімін қалыптастыру және тәжірибелік дағдыларды әуестендіру.

Тәжірибе міндеттері:

  • студенттерді дәрілік өсімдік шикізатының номенклатурасын және оның дайындау көлемін реттейтін мекемелердің жұмысымен таныстыру;
  • әр-түрлі жинаушы мекемелерде дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды ұйымдастырумен таныстыру;
  • дәрілік өсімдік шикізатын жинаушылардан қабылдауын ұйымдастыру дағдыларын студенттерге үйрету;
  • студенттермен жабайы және мәдени түрде өсірілетін дәрілік өсімдіктерді дайындауды және әртүрлі өсімдік бірлестігіндегі және өздеріне тән жерлерде өсетін дәрілік өсімдіктерді ажыратып анықтап игеру, негізгі дәрілік және басқа кездесетін қоспаларды морфологиялық анықтау;
  • студенттермен әртүрлі морфологиялық топқа жататын дәрілік өсімдік шикізаттың негізгі жинау және кептіру тәсілдерін игеру;
  • дәріхананың, қойманың дәрілік өсімдік шикізатын өңдеу зауытының жағдайларында дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтау және өңдеуді үйрету.