2026 жылғы 26 наурызда сағат 15:00-де С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың №3 оқу корпусындағы Фитотекада Фармация мектебінің кезекті Journal Club отырысы өтеді.
Іс-шараға ғылыми-зерттеу қызметіне және фармация, медицина мен биотехнология салаларындағы заманауи жарияланымдарды академиялық талқылауға қызығушылық танытатын оқытушылар, жас зерттеушілер, магистранттар мен студенттер шақырылады.
Отырыс аясында қатысушылар Scopus немесе Web of Science базаларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналда жарияланған өзекті ғылыми мақаланы таныстырып, талқылайды. Кездесу барысында мақаланың құрылымы және ғылыми зерттеудің негізгі элементтері, атап айтқанда ғылыми мәселе мен гипотезаны тұжырымдау, зерттеу дизайны мен әдіснамасы, статистикалық өңдеу, нәтижелерді интерпретациялау, сондай-ақ жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы қарастырылады.
Journal Club ғылыми жарияланымдарды кәсіби тұрғыдан талқылауға, пікір алмасуға және зерттеу жұмыстарын сыни талдау дағдыларын жетілдіруге бағытталған академиялық алаң болып табылады.
Қатысуға шақырамыз…