XXI ғасырдағы гендерлік теңдік: Фармация мектебінде дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 3 наурызда Фармация мектебінде «XXI ғасырдағы гендерлік теңдік: мифтер мен шындық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 5-мақсаты – «Гендерлік теңдік» аясында ұйымдастырылды.

Шараға «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының білім алушылары, профессор-оқытушылар құрамы және фармацевтикалық сала өкілдері қатысты.

Талқылау барысында денсаулық сақтау мен фармация саласындағы мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыру, ғылым мен бизнестегі әйелдердің рөлі, сондай-ақ білім беру ортасындағы гендерлік теңдік деңгейі мәселелері қарастырылды.