С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебі студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және жас оқытушыларды Журнал клубының отырысына қатысуға шақырады.
Тақырыбы:
«Шолу мақаласын талқылау: енгізу критерийлерін, әдістерін және деректерді талдауды қарастыру. PRISMA бақылау парағы және диаграммалары».
📅 Күні: 2025 жылғы 14 қараша
🕓 Уақыты: 16:00
🏫 Өтетін орны: №2 оқу корпусы, 103-аудитория
Отырыс барысында жүйелі шолудың құрылымы, енгізу және шығару критерийлері, деректерді талдау әдістері және PRISMA диаграммаларын рәсімдеу мәселелері қарастырылады.
🔹 Қатысу ғылыми зерттеулерге, шолу әдістемесіне және академиялық жазуға қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін ашық.