ҚазҰМУ им. С.Д. Асфендияров атындағы Фармация мектебі студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және жас оқытушыларды Журналдық клубтың келесі отырысына қатысуға шақырады. Кездесу тақырыбы:
«Ғылыми жарияланымдарға арналған ресурстар: ScienceDirect. Жас ғалымдарға арналған лайфхактар».
📅 Күні: 16 қаңтар
🕓 Уақыты: 17.00
🏫 Өтетін орны: 4-корпус, 224-кабинет (Фитотека)
Кездесу аясында:
• ScienceDirect платформасының медицина, фармация және биотехнология салаларындағы ғылыми әдебиеттерді жүйелі іздеудегі мүмкіндіктеріне талдау жүргізіледі;
• әдеби шолулар мен түпнұсқа мақалаларды даярлау үшін релевантты дереккөздерді іріктеу стратегиялары қарастырылады;
• сүзгілермен, метадеректермен, дәйексөз алу көрсеткіштерімен және журналдардың квартильдерімен жұмыс істеудің практикалық құралдары көрсетіледі;
• жарияланымдарды даярлау кезінде уақытты тиімді пайдалануға арналған лайфхактар ұсынылады;
• ғылыми ресурстармен жұмыс барысында жас зерттеушілер жиі жіберетін қателіктер және оларды алдын алу жолдары талқыланады.
🔹 Қатысу барлық ниет білдірушілер үшін ашық, ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамытуға және халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланым белсенділігін арттыруға қызығушылық танытатындар шақырылады.