Фармация мектебінің Журналдық клубы

16 қаңтар күні ҚазҰМУ им. С.Д. Асфендияров атындағы Фармация мектебінде «Ғылыми жарияланымдарға арналған ресурстар: ScienceDirect. Жас ғалымдарға арналған лайфхактар» тақырыбында Журналдық клубтың отырысы өтті.

Журналдық клуб жұмысына фармация, медицина және биотехнология салаларында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар қатысты.

Кездесудің спикері Рабига ХожамкулInformascope компаниясының кеңесшісі, MD, PhD candidate. Баяндамасы аясында спикер зерттеушілерге кеңес беру және ғылыми жарияланымдарды сүйемелдеу тәжірибесіне негізделген ScienceDirect платформасының мүмкіндіктеріне практикалық бағытталған шолу ұсынды.

Отырыс барысында ғылыми әдебиеттерді жүйелі іздеу құралдары, кеңейтілген сүзгілермен, метадеректермен, дәйексөз алу көрсеткіштерімен және журналдардың квартильдерімен жұмыс істеу қағидаттары жан-жақты қарастырылды. Халықаралық ғылыми журналдар үшін шолу және түпнұсқа мақалаларды даярлау кезінде дереккөздерді іріктеу үдерісін оңтайландыруға арналған практикалық лайфхактарға ерекше назар аударылды.

Талқылаудың жеке бөлімі жас зерттеушілердің ғылыми ресурстармен жұмыс барысында жиі жіберетін қателіктеріне, зерттеулердің дәлелдік базасын дұрыс қалыптастыруға және халықаралық наукометриялық дерекқорларда индекстелетін журналдарда жарияланым белсенділігінің жеке стратегиясын құру мәселелеріне арналды.