Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының магистрі, ассистенті Ан Владимир Сергеевич және “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Аяна Ахметова 18 наурызда Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен “ӘБУ ӘЛИ ИБН СИНО ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ФАРМАЦЕВТИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР” VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. «Шілтежапырақты шайқурай шөбінен (Herba Hyperici perforati) май сығындысын алу технологиясы және сапасын бағалау» тақырыбында ауызша баяндама жасады. Конференция нәтижесінде секция мүшелері атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады, жұмыс жұртшылықтың қызығушылығын тудырды, қонақтар мен қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, осы баяндама май сығындыларын стандарттауда үлкен пайда әкеледі деп қорытындылады.