Халықаралық қатысумен өтетін I Аймақаралық олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындылары «Фарммаршрут: молекулада́н дәріге дейін – денсаулық коды»

Фармация мектебі базасында «Фарммаршрут: молекулада́н дәріге дейін – денсаулық коды» атты халықаралық қатысумен өтетін
I Аймақаралық олимпиадаға қатысу мақсатында білім алушылар арасында іріктеу кезеңі өткізілді.

Олимпиада Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласында өтеді.

Іріктеу кезеңін ұйымдастырушы – «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы.

Іріктеу нәтижесінде олимпиадаға қатысу үшін төмендегі білім алушылар іріктелді:

Мусаева Ажар, «Фармация» білім беру бағдарламасы 5-курс білім алушысы, ФА21-004р тобы;
Куламетова Камилла, «Фармация» білім беру бағдарламасы 5-курс білім алушысы, 5-курс білім алушысы, ФА21-004р тобы;
Асилхан Жансая Ермекқызы, «Фармация» білім беру бағдарламасы 5-курс білім алушысы, 4-курс білім алушысы, ФА22-03р тобы.

Іріктеу «Фармация» мамандығы бойынша кәсіби дайындық деңгейі мен
олимпиадалық тапсырмаларды табысты орындауға қажетті бейіндік пәндер бойынша білімін ескере отырып жүргізілді:
фармацияны ұйымдастыру және экономикасы, фармацевтикалық технология, фармакогнозия.

Олимпиаданың ашылуы 2025 жылдың 31 қазанында сағат 10:00-де Санкт-Петербург қаласында өтеді.

Білім алушыларды іріктеу кезеңінен сәтті өткендерімен құттықтаймыз және алдағы олимпиадада жарқын жетістіктер мен лайықты нәтижелер тілейміз!

Информационное письмо