ҚазҰМУ Фармация мектебі
Өндірістік практика: Фармацевтикалық технология
Фитофармациядағы инновациялар
2026 жылғы 2 наурызда 3-курс студенттерінің өндірістік практикасы аясында Фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Г.О. Устенованың дәрісі өтті.
Дәріс тақырыбы:
«Өсімдік тектес дәрілік субстанциялар мен дәрілік заттардың заманауи технологиялары»
Дәріс барысында қарастырылған мәселелер:
- Фитофармацияны дамытудың әлемдік бағыттары;
- Өсімдік тектес субстанцияларды алудың өзіндік ерекшеліктері;
- Дәрілік өсімдік шикізаты негізінде препараттар жасаудың инновациялық технологиялары;
- Өсімдік препараттарын стандарттау, сапасы мен қауіпсіздігін бақылау.
Дәріс аясында студенттерге дәрілік өсімдіктерден экстракт алу үдерісі туралы бейнематериал көрсетілді. Бұл мәліметтер студенттердің фармацевтикалық өнеркәсіп пен ғылыми зерттеулердегі кәсіби білімдерін кеңейтуге зор ықпал етті.
Фармацевтикалық технология кафедрасы | ҚазҰМУ 2026
