ҚазҰМУ Фармация мектебі
Мастер-класс: Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Өндірістік практика және сарапшылар тәжірибесі
2 наурыз күні №9 аудиторияда 3–4 курс студенттеріне арналған маңызды іс-шара өтті. Мастер-класстың арнайы қонағы – «Abdi-Ibrahim Globalpharm» ЖШС химия, өндіріс және сапаны бақылау бөлімінің басшысы Демченко Е.Н. болды.
Баяндама тақырыбы:
«CTD (Common Technical Document) форматы бойынша тіркеу досьесін дайындау (3-модуль)»
Талқыланған негізгі мәселелер:
- CTD/ОТД форматында тіркеу досьесін әзірлеудің алғышарттары;
- 3-модуль құрылымына қойылатын халықаралық талаптар;
- Өнімді тіркеу кезіндегі сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Нормативтік стандарттар мен мемлекеттік сараптама талаптары.
Студенттер фармацевтикалық тіркеудің практикалық қыр-сырымен танысып, өндіріс маманына тікелей сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Іс-шарадан фотоесеп
Фармацевтикалық технология кафедрасы | ҚазҰМУ 2026


