12.03.2024 ж. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасында «Ботаника және фитоинтродукция институтының» ғылыми хатшысы, жетекші ғылыми қызметкері б.ғ.к. Саметова Эльмира Сайлаухановнаның “Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің әртүрлілігі” тақырыбында мотивациялық дәрісі өтті. Мотивациялық дәріске кафедраның ПОҚ, “Фармация” мамандығының 3 курс және “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Дәріс барысында Саметова Э.С. Ботаникалық бақтың ашылу тарихы, мақсаты мен міндеті, құрылымы туралы айтып берді; Қазақстан Республикасында дәрілік өсімдіктердің таралуы, олардың саны, сәнді және дәрілік өсімдіктердің эндемикалық түрлерін көрсетті. Сондай-ақ, біздің республикамыздағы көптеген өсімдіктер дәстүрлі медицинада үлкен қызығушылық тудырғанымен әлі зерттелмегенін атап өтті.
Дәріс нәтижелері бойынша студенттер Қазақстан флорасының алуан түрлілігі, оның ішінде дәрілік өсімдіктер, олардың өсу ареалы, дәрілік өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлері, фармацевтикалық практикаға енгізу үшін зерттеу қажет өсімдік түрлері туралы білді.