С.Ж. Асфендияровтың 135 жылдығына арналған «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Халықаралық студенттік Олимпиада

Құрметті студенттер мен әріптестер!

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Фармация мектебі С.Ж. Асфендияровтың 135 жылдығына арналған «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Халықаралық студенттік Олимпиадаға қатысуға шақырады.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

– білім беру сапасын, студенттердің ғылыми әлеуетін арттыру, жоғары оқу орындары арасында достық байланыс орнату;

– «Фармация» білім беру бағдарламасы шеңберінде студенттерді білім, біліктілік және дағдыларды игеруге ынталандыру;

– ортақ ғылыми жобаларды, стартаптарды құруды бірлесіп талқылау;

– республиканың және таяу шет елдердің фармацевтика саласы кәсіпорындары мен ЖОО-дарының әлеуметтік әріптестігін дамытуға жәрдемдесу.

Олимпиаданы өткізу күні мен уақыты: 28-29 қазан 2024 жыл, Астана уақыты бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (Қазақстан Республикасы).

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Фармация мектебі және Қазақстан Республикасы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы.

Олимпиаданы өткізу формасы – күндізгі

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі – фармацевтикалық химия, фармакогнозия, дәрілер технологиясы, фармацияны басқару және экономикасы.

Олимпиада форматы. Олимпиада 4 турда өтеді.

Өткізу тілі: қазақ, орыс.

  1. Сәлемдесу (ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейне-ролик)
  2. Тест тапсырмалары (100 сұрақ);
  3. Ситуациялық есептерді шешу (4 тапсырмадан);
  4. Шығармашылық көшбасшылар сайысы.

Әрбір жоғары оқу орны олимпиаданың барлық конкурстық тапсырмаларына қатысу үшін «Фармация» мамандығы бойынша Медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарының 4 және 5 курс студенттерінің құрамында 5 (бес) аспайтын екі командасын ұсына алады.

Қазылар алқасының құрамына «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша әр қатысушы жоғары оқу орнынан бір кандидаттан артық емес PhD, ғылым кандидаттары немесе докторлары сайланады.

I, II, III орын үшін командалық біріншілікте жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Олимпиадаға қатысушылар Халықаралық олимпиадаға қатысушы сертификатын алады.

Халықаралық студенттік олимпиада командаларын тіркеу үшін 10.10.2024 ж. дейін сілтеме бойынша өту қажет: https://drive.google.com/drive/folders/1Z_ZjiXbE8WL-snSh2Lvd5TiZbwTypFMb?usp=drive_link (Қосымша – 1, 2) және онлайн өтініш беріңіз немесе [email protected] электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

Іс-шара фармацевтика саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы дамуға үлес қосады деп үміттенеміз.

Ұйымдастыру Комитетінің мекенжайы:

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі, 94,
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.

Байланыс деректері:

Жагипарова Жанар Амангельдиновна – Фармация мектебі деканының орынбасары, [email protected], +7 776 737 46 65

Аширов Мурат Зулпидинович – фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының лекторы, [email protected], +7 775 441 51 61