С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2025 жылдың 4 қарашасында Фармация мектебінің 3–4 курс студенттері үшін Danone компаниясының контракттық өндіріс сапасы бойынша супервайзері Изтелеуова Э.Е.-нің қатысуымен мотивациялық кездесу өтті. Кездесу тақырыбы — «Зертханадан таблеткаға дейін: қатты дәрілік қалыптардың технологиясы мен сапасы».
Іс-шара барысында Изтелеуова Э.Е. дәрілік заттың толық өндірістік циклі — белсенді фармацевтикалық субстанциядан (АФС) дайын дәрілік формаға дейінгі кезеңдердің өзара байланысын түсінудің маңыздылығын атап өтті. Ол дәрілік препараттың сапасы әрбір технологиялық кезеңде қалыптасатынын, бұл тәсіл болашақ мамандарға өндіріс параметрлерінің байланысын, бастапқы шикізаттың тиімділік пен қауіпсіздікке әсерін, сондай-ақ процестің критикалық нүктелерін бақылаудың қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік беретінін көрсетті.
Кездесуде оқу үдерісіндегі технология мен нақты өнеркәсіптік өндірістің айырмашылықтары жеке блок ретінде талқыланды. Изтелеуова Э.Е. зауыттағы жұмыстың мынадай міндеттерді қамтитынын атап өтті:
* GMP талаптары мен регламенттерін қатаң сақтау,
* әрбір серияны толық қадағаланатын етіп құжаттандыру,
* сапа жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелдер мен ауытқуларды талдау.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, таблеткалау технологиясы, стандарттау ерекшеліктері және сапаны бақылаудың заманауи әдістері туралы сұрақтар қойды. Мотивациялық кездесу олардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, фармацевтикалық индустрия талаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.


