Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы

СТУДЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы аясында және оны жүзеге асыру мақсатында магистранттармен, докторанттар және оқытушылар өз тақырыптары бойынша баяндамалар жасап студенттердің қызығушылықтарын арттыруда, сонымен қатар оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында диссертациялық тақырыптарды таңдауда, ғылыми жобаларды жүзеге асыруда студенттерді баулуда.

Кафедра студенттері әртүрлі ғылыми конкурстар мен іс-шарада қатысу қарқыны жоғары. Жыл сайын ең үздік студенттік жұмыс конкурсы өткізіледі.

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы іргелі білімді арттыру мақсатында және жас ғалымдарды ойлау қаблетін арттыру, жаңашыл идеяларға, ғылыми іздініске тәрбиелеу бағытына негізделген.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды дамытылуда, студенттік ғылыми ұйымда студенттер өз қызығушылығын білдіртті.

Кафедрада студенттік ғылыми үйірме құрылған. СҒЗЖ бойынша 50-ден аса студенттер қызығушылықтарын білдіріп, ғылыми жұмыспен айналысады. СҒЗЖ бойынша кафедрада 100-ден аса ғылыми мақала әртүрлі конференциялар, басылымдық журналдар, конкурстық жинақтарда жарық көрген. Қазіргі таңда кафедрамызда төмендегідей ғылыми үйірме құрылған:

«Белсенді менеджер»

Үйірменің мақсаты: факультеттің ғылыми зерттеу жұмысының негізінде студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына белсенді қатысуын ұйымдастыру.

Міндеттері:

– университет ішілік ғылыми жобаларға студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысуын қамтамасыз ету;

– факультеттің және кафедраның ғылыми бағыттары бойынша пәндік олимпиадаларды ұйымдастыру;

– студенттер мен жас ғалымдардың республикалық, халықаралық байқауларда және олимпиадаларда белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

– студенттер мен жас ғалымдардың республикалық және халықаралық конференциялар мен симпозиумдерде қатысуын қадағалау.

Жыл сайын Фармация мектебінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы өткізіледі. Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ғылыми үйірмесінің студенттері СҒЗЖ конкурсына белсенді қатысып жүр.