Ғылыми зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмысы іргелі ғылымның, білім берудің және болашақ мамандардың кәсіби ортасының тығыз байланысын қамтамасыз етуге негізделген ЖОО-ның бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастырудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Кафедраның ғылыми бағыты: табиғи шикізат негізінде дәрілік заттарды зерттеу және әзірлеу.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысы оқу-әдістемелік қызметпен тығыз байланыста және мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

* теориялық және қолданбалы зерттеулердің жаңа жетістіктері мен нәтижелері негізінде оқу жоспарының барлық пәндері мен курстарының мазмұндық жағының ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету;

* профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыру, студенттердің оқу сапасын арттыру;

* студенттердің өздері таңдаған кәсіби қызмет бағыттарында өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыс тәжірибесін игеруіне жағдай жасау.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі нысандары:

* ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

* ғылыми мақалалар, монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми баяндамалар дайындау;

* ғылыми кеңес беру;

* жариялауға дайындалып жатқан материалдарды ғылыми сараптау және редакциялау;

* әдістемелік ережелерді сынақтан өткізу және оларды қызмет тәжірибесіне енгізу.

Кафедраның ғылыми жұмысы 2024-2025 оқу жылына бекітілген ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының ҒЗЖ және СҒЗЖ жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Кафедрада 2 ғылыми жоба орындалуда: ЖОО ішіндегі жоба С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қаржыландыратын “Құрамында азот бар гетероциклді қосылыстар негізінде белсенді фармацевтикалық субстанцияларды химиялық әзірлеу және зерттеу”, ғылыми жетекшісі Берилло Д.А. іске асыру мерзімі: 2022-2024 жж. (3 жыл). “Отандық дәрілік өсімдік шикізаты негізінде жаңа шырындарды әзірлеу және стандарттау” бастамашыл жобасы, ғылыми жетекшісі Г.М. Саякова, іске асыру мерзімі: 2023-2025 жж (3 жыл). Баспа қызметі бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде: Web of science, Scopus, монография базаларындағы ғылыми мақалалар жариялау жоспарланған.

Кафедра түрлі ғылыми іс-шараларға (көрмелер, форумдар) қатысады. С.Ж. Асфендияровтың 135 жылдығына арналған “Фармация мен стоматологияның басымдықтары: теориядан практикаға” атты ХІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу жоспарлануда.

Кафедрада орындалатын магистрлік және докторлық диссертациялардың тақырыптары

реті

Магистранттың

тегі, аты-жөні

Магистерлік диссертация тақырыптары

 

Ғылыми жетекшісі

Қазақша

редакциясы

Орысша редакциясы Ағылшынша редакциясы
1 курс магистранттары
1 Ибрагимов Адам Хасанович Тасжапырақ құртқашаш (Iris tenuifolia Pall.) шикізатының химиялық құрамын зерттеу және стандарттау Изучение химического состава и стандартизация сырья Ириса узколистного (Iris tenuifolia Pall.) Study of chemical composition and standardization of raw materials of Iris tenuifolia Pall. Ғылыми жетекші: PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Жумашова Г.Т.
2 Нұрахметова Дана Бекжанқызы Кәдімгі зығыр (Linum usitatissimum L.) шикізатының химиялық құрамын зерттеу және жаңа субстанция алу Изучение химического состава льна обыкновенного (Linum usitatissimum L.) и получение новой субстанции «Investigation of the chemical composition of Linum usitatissimum L. raw materials and the production of a new substance

Ғылыми жетекші: PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Жумашова Г.Т.

Ғылыми кеңесшісі: химия ғылымдарының кандидаты, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Ахелова А.А.

3 Сайпиева Бернара Сайтжанқызы Дымқыл жұлдызшөп (Stellaria Media (L.) Vill) негізінде жақпамай алу технологиясын әзірлеу және стандарттау Разработка технологии получения и стандартизация мази на основе Звездчатки средней (Stellaria Media (L.) Vill) Development of technology for production and standardization of an ointment based on Chickweed (Stellaria Media (L.) Vill Ғылыми жетекші: фармация ғылымдарының кандидаты, профессор Саякова Г.М.
4 Туруспаева Жанель Жасланқызы Семенов тиынтағынан (Hedysarum semenowii Regel & Herder) алынған өсімдік текті субстанцияның негізіндегі косметикалық өнімді әзірлеу және сәйкестігін бағалау Разработка и оценка соответствия косметической продукции на основе растительных субстанций из копеечника Семенова (Hedysarum semenowii Regel & Herder) Development and conformity assessment of cosmetic products based on herbal substances from Hedysarum semenowii Regel & Herder

Ғылыми жетекші: PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Жумашова Г.Т.

Ғылыми кеңесшісі: Фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Сакипова З.Б.

2 курс магистранттары
5 Маликайдар Сағыныш Болатқызы Таубас сасыры (Ferula dissecta Ledeb.) шикізатынан өсімдік текті субстанция алу Разработка растительной субстанции из сырья ферулы рассеченной (Ferula dissecta Ledeb) Development of a plant substance from raw materials (Ferula dissecta Ledeb)

Phd, доцент-Жумашова Г.Т.

.

 

6 Турсун Сырым Айдарұлы Дәруменді шырын құрамын, алу технологиясын әзірлеу және стандарттау Разработка состава, технологии получения и стандартизация витаминного сока Development of the composition, technology for obtaining and standardization of vitamin juice

к.фарм.н.,

профессор- Саякова Г.М..

1 курс докторанттары
7 Оспанова Сандугаш Имангалиевна Иристің (Iris L.) кейбір қазақстандық түрлерінің шикізатын фармакогностикалық зерттеу және өсімдік заттарын стандарттау Фармакогностическое исследование сырья и стандартизация растительных субстанций из некоторых казахстанких видов ИРиса ( Iris L. ) Pharmacognostic study of raw materials and standardization of plant substances from some Kazakhstani species of Iris (Iris L.)

Ғылыми кеңесшісі: PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Жумашова Гульсим Токановна, Хирш индексі-3.

Фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Сакипова Зуриядда Бектемировна, Хирш индексі-12.

Шетелдік ғылыми кеңесшісі: Фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Люблин медициналық университетінің микробиология кафедрасының меңгерушісі Anna Malm (Польша, Люблин), Хирш индексі -30.

8 Омархан Ақтоты Берікқызы

Зығыр (Linum L.) туысы өсімдіктерінің кейбір түрлерін фармацевтика-технологиялық зерттеу және жаңа субстанция алу

 

Фармацевтико-технологическое исследование некоторых видов рода Linum L. и получение новой субстанции

Pharmaceutical-technological research of some species of the genus Linum L. and obtaining the new substance

 

Ғылыми кеңесшісі: PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Жумашова Гульсим Токановна, Хирш индексі-3.

Шетелдік ғылыми кеңесшісі: PhD, Я.А. Коменский университетінің қауымдастырылған профессоры Jindra Valentova (Фармация факультеті, Братислава қ., Словакия), Хирш индексі -13.

2 курс докторанттары
9 Конаш Нышанбай Ермекұлы Жатаған бидайық өсімдігін (Elytrigia repens L.) фармакогностикалық зерттеу және оның негізінде өсімдік субстанциясын алу Фармакогностическое изучение пырея ползучего (Elytrigia repens L.) и разработка на его основе растительной субстанции Pharmacognostic study of Elytrigia repens L. and development of a herbal substance based on it фарм.ғ.к., профессор Саякова Галия Мырзагалиевн, индекс Хирша-3; PhD, қауым.профессор Жакипбеков Қайрат Сапарханович, индекс Хирша-7; PhD, доцент Момбеков Сержан Есимбаевич, индекс Хирша-1. Шетелдік ғылыми кеңесшісі: PhD доктор, Миссисипи университетінің профессоры Самир А. Росс

План НИР каз