Өндірістік практика басталды

Фармация мектебінің В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс білім алушылары «Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы» пәні аясында өндірістік практикадан өтуді бастады.

Өндірістік практика 2026 жылдың 26 қаңтары мен 20 наурызы аралығында өткізіледі және оқу жүктемесі 3 кредит (90 сағат) көлемінде ұйымдастырылған.

Практика Алматы қаласындағы жетекші фармацевтикалық кәсіпорындардың өндірістік базаларында өтуде, атап айтқанда: «Нур-Май», «Фитолеум», «Dolce-Pharm», «Антиген», «Kelun-Kazpharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде.

Аталған өндірістік практикаға В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс 226 білім алушысы қатысуда.

Өндірістік практика білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, фармацевтикалық өндірістегі кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
График 3 курс весна
ПП 3 курс Dolce-Pharm
ПП 3 курс Нур-Май Фармация
ПП 3 курс Фитолеум