Фармация мектебінің деканаты 2025 жылдың 14 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында «В072 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 2 және 3 курс студенттері арасында «Студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы» бағдарламасына қатысу үшін конкурс жариялайды.
Бағдарламаға қатысу студенттерге 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург химия-фармацевтика университетінде білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін студенттер 2025 жылдың 5 желтоқсанына дейін Фармация мектебінің деканатына келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- Деканның атына өтініш;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Шетелдік паспорттың көшірмесі;
- Транскрипт (түпнұсқа);
- Ата-аналардың келісім хаты;
- Портфолио (дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар, жарияланған тезистер мен мақалалар);
- Орташа үлгерім балы (GPA) 2,6-дан төмен болмауы тиіс.
Жиналған құжаттар пакетін Фармация мектебінің деканатына тапсыру қажет.
Фармация мектебінің деканатының мекенжайы:
Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 153 үй, 5-корпус, 1-қабат, 120-кабинет.
Байланыс үшін:
– 2-курс бойынша – Фармация мектебінің бас маманы Илилянова Сафура Серікболқызы;
– 3-курс бойынша – Фармация мектебінің бас маманы Даутова Жадыра Бақдалетқызы.