С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ-ДЕ ӨЗБЕКСТАН ЕЛІНЕ АРНАЛҒАН АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ.

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Өзбекстан еліне арналған аудитория ашылды. Университет ректоры Шоранов Марат Едигеевич Халықаралық ынтымақтастық университет қызметінің құрамдас бөлігі және Қазақстанның және шетелдердің еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда білім сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылатынын атап айтты. Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 14 меморандум жасалған. Бүгінде С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Өзбекстаннан 82 студент білім алуда. Дос елдердің университеттерінің студенттері мен оқытушыларының академиялық алмасуы белсенді түрде дамып келеді. Өзбекстанға арналған аудитория еліміздің көрікті жерлері мен ерекшеліктерін көрсететін ұлттық нақышта безендірілген. Сабақта жоспарлы оқу сабақтарын өткізумен қатар, академиялық ұтқырлығы аясында сабақтар өткізу жоспарлануда. Өзбекстанға арналған аудитория біздің өзбек студенттерінің араласатын, өз елінің ұлттық мерекелерін біздің достас елімізге арналған жайлы аудиторияда тойлайтын сүйікті орнына айналды.