Тәрбие сағаты туралы есеп

2026 жылғы 4 ақпанда Фармация мектебінің фармацевтикалық технология кафедрасының ТФП 23-009 кураторлық тобында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық пен парасаттылық қағидаларын насихаттау.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері мен пайда болу себептері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жемқорлықтың мемлекет дамуына, экономикаға, білім беру жүйесіне және жалпы қоғамның әл-ауқатына тигізетін зияны талқыланды. Студенттермен пікір алмасу жүргізіліп, нақты мысалдар келтірілді.

Тәрбие сағаты барысында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарының маңызы атап өтілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және азаматтық ұстанымның рөлі жөнінде ақпарат берілді.

Тәрбие сағатын фармацевтикалық технология кафедрасының оқытушысы Абдишарафова Д.А. өткізді.