«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Фармация» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған дәріс өткізілуі туралы есебі

6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, сондай-ақ 6В10104– «Фармация» білім беру бағдарламасының 4-курс және қысқартылған оқу түріндегі 1–3 курс студенттері үшін дипломалды және өндірістік тәжірибе аясында
2025 жылғы 6 қарашада «Дәрілік заттардың айналымын мемлекеттік реттеу жүйесі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы жүргізді. Ол студенттермен дәрілік заттардың айналымын мемлекеттік реттеу жүйесінің негізгі қағидалары, лицензиялау мен тіркеу тәртібі, сондай-ақ фармацевтикалық өнім сапасын бақылау саласындағы өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті.

Іс-шара барысында қатысушылар дәрілік заттардың айналымын мемлекеттік реттеу саласының құрылымы мен ерекшеліктері жөнінде құнды ақпарат алды және өзекті сұрақтарына жауап алды.

Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің теориялық білімін тереңдетіп, кәсіби құзыреттерін арттыруға және фармацевтикалық салада жұмыс істеуге даярлығын күшейтуге мүмкіндік береді.