«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Фармация» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған мотивациялық кездесу туралы есеп

6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, сондай-ақ В085 – «Фармация» білім беру бағдарламасының 4-курс және жеделдетілген оқу нысанының 1-3 курс студенттері үшін өндірістік және дипломалды тәжірибе аясында 2025 жылдың 13 қарашасы күні, сағат 14:00-де «Фармацевтикалық нарықты реттеу, фармаконадзорға кіріспе» тақырыбында мотивациялық дәріс өткізілді.

Шақырылған лектор – Даутбаев Еркен Каримұлы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың клиникалық жұмыс жөніндегі департаментінің жетекшісі, денсаулық сақтау, клиникалық қызмет және дәрілік заттардың айналымын реттеу саласында мол тәжірибесі бар маман.

Кездесу барысында лектор фармацевтикалық нарықты реттеудің негізгі аспектілерін жан-жақты түсіндіріп, дәрілік заттарды тіркеу, олардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігіне қойылатын талаптар жөнінде баяндап өтті. Сондай-ақ GxP стандарттарына сәйкес келетін тиісті фармацевтикалық тәжірибелер жүйесін ұйымдастыру сатылары, мемлекеттік бақылау тетіктері және ұлттық реттеу үдерістерін халықаралық стандарттарға үйлестірудің маңыздылығы қарастырылды.

Еркен Каримұлы фармаконадзор мәселесіне ерекше назар аударды. Ол фармаконадзордың дәрілік заттардың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі кезеңде бақылауға бағытталған басты құрал екенін атап өтті.

Лектор болашақ фармацевтер мен фармацевтикалық өндіріс мамандарының кәсіби жауапкершілігін ерекше атап өтті. Студенттер реттеуші органдардың жұмысының практикалық қырларымен, дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін алдын алу тәжірибесінен мысалдармен және фармацевтикалық сала мамандарының қызметіндегі этикалық қағидалармен танысты.

Кездесу барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, фармацевтикалық нарықты реттеудегі өзекті үрдістерді талқылады, сондай-ақ сапаны бақылау және фармаконадзор тәжірибесінде орын алатын нақты жағдайларды қарастырды. Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби мотивациясын арттыруға, аналитикалық ойлауын дамытуға және дәрілік заттардың қауіпсіздігі жөніндегі түсінігін тереңдетуге ықпал етеді.

Мотивациялық дәріс мазмұнды және жоғары деңгейде өтті, студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби дамуға деген ынтасын күшейтті.