Құрметті әріптестер мен студенттер!
2024 жылдың 27 мамыры мен 8 маусымы аралығында Фармация мектебінің фармацевтикалық технологиялар кафедрасында Миссисипи мемлекеттік зерттеу университетінің профессоры Samir Anis Ross (H-индекс,43) мырзаның С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нің шақырылған профессоры мәртебесінде жұмысы басталады.
Оқыту бағдарламасы аясында профессор Samir Anis Ross PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында дәрістер, семинарлар және консультациялар өткізілуі жоспарланған.
Барлық қызығушылық танытқандарды белсенді қатысуға шақырамыз.
Ақпарат алу үшін* осы іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлерге хабарласыңыз.
- Фармацевтикалық технология кафедрасының профессоры – Капсалямова Эльмира Николаевна, тел. +7 778 313 1111, email: [email protected]
- Фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті – Сарыбаев Бахтияр Алибекович тел.: + 7 775 442 48 72, email: [email protected]