21–28 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ташкент фармацевтика институтының 3-курс — 60910700 «Фармация» және 60910800 «Өнеркәсіптік фармация» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 7 студент — С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебіне қарасты фармацевтикалық технология кафедрасында тәжірибеден өтті.
Олардың төртеуі өндірістік тәжірибеден өтіп, «Dolce» ЖШС, «ҒӨК Антиген» ЖШС, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы » АҚ және «Қызылмай» өндірістік кооперативі сияқты алдыңғы қатарлы фармацевтикалық кәсіпорындарға барды.
Үш студент оқу тәжірибесін «Фармация» симуляциялық орталығында шеберлік сабақтарын және №2 орталық дәріханада өтті. Студенттер сондай-ақ Г. О. Устенова, М. Т. Омырзаков, Л. Н. Киекбаева және Р. Б. Аюпова сынды профессор-оқытушылардың дәрістеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Аталған тәжірибе студенттердің теориялық және практикалық білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ фармацевтика саласындағы озық технологиялармен және жетекші мамандардың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.