2025 жылғы 5–15 мамыр аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Фармация» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фармацевтикалық технология кафедрасында «Фармацевтикалық технология 2» пәні бойынша өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибенің жалпы көлемі – 2 кредит (60 сағат). Тәжірибе барысында студенттерге теориялық білімді бекіту және практикалық дағдыларды дамыту мақсатында дәрістер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Ерекше назар дәрілік заттарды өндіру мен сапаны бақылаудың заманауи тәсілдеріне, сондай-ақ фармацевтикалық үдерістерді халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға аударылды.
Практиканың маңызды бөлігі – ҚазҰМУ-дың «Фармация» симуляциялық орталығына бару болды. Мұнда студенттер шынайы жағдайға барынша жақын ортада кәсіби дағдыларын шыңдады.
Елдің жетекші фармацевтикалық кәсіпорындарына бару
Болашақ провизорлар фармацевтикалық өндірістің нақты жағдайымен танысу мақсатында келесі ірі фармацевтикалық компанияларға барды:
- «Abdi Ibrahim Global Farm» ЖШС
- «Kelun-Kazpharm» ЖШС
- «Инфекциялық ауруларға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ
Кәсіпорындарда студенттер дәрілік заттарды әзірлеуден бастап қаптама мен сапаны бақылауға дейінгі толық өндірістік циклмен танысты. Фармацевтикалық индустрия өкілдерімен тікелей байланыс қазіргі заманғы маманға қойылатын талаптарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Мәдени таным және медицинаның тарихы
Кәсіби шаралардан бөлек, студенттер С.Ж.Асфендияров мұражайына барып, Қазақстандағы медициналық білім берудің даму тарихымен және алғашқы қазақ медицина профессорының отандық медицинаның дамуына қосқан үлесімен танысты.
Тәжірибе нәтижелері мен маңыздылығы
Өндірістік тәжірибе студенттердің кәсіби даярлығындағы маңызды кезең болды. Ол келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
- теориялық білімді тәжірибе арқылы бекіту;
- фармацевтикалық өндіріс саласындағы негізгі құзыреттерді дамыту;
- саланың заманауи стандарттары және технологияларымен танысу;
- кәсіби көзқарасты кеңейту және әрі қарайғы оқуға ынтаны арттыру.
📌 ҚазҰМУ және елдің жетекші фармацевтикалық кәсіпорындарындағы тәжірибе болашақ фармацевттер үшін құнды білім мен машық беріп, кәсіби қалыптасуда маңызды кезеңге айналды.