«MYSTIC AYURVEDA & WELLNESS EXPO»көрмесіне қатысу

Фармацевтикалық технология кафедрасының ПОҚ аюрведиялық өнімдер мен
заттай негізде өндірілген тауарларға арналған «MYSTIC AYURVEDA &
WELLNESS EXPO» көрмесіне қатысты. Көрме 2024 жылдың 24-25
қыркүйегінде «RIXOS ALMATY» қонақ үйінің көрме орталығында өтті.
Көрмеге ғылыми әзірлемелері бар университеттер инвесторларды тарту үшін
қатысты; ҚазҰМУ Фармация мектебінен фармацевтикалық технология
кафедрасының келесі ғылыми әзірлемелері ұсынылды:
1. Устенова г. О., Кантуреева А. “ақмай қазақстандық түріндегі мақсары
(Carthamus) сығындысынан Фотоқорғау кремі”өнімдерімен;
2. Амирханова А. Ш. – Түкті саршатыр (Hieracium pilosella L.) сығындысы
пилоселин гелі
3. Капсалямова Э. Н. – отандық иммуномодулятор ретінде цистанхе
Солончакова (Cistanche salsa O.) столондарынан алынған субстанциялар